Тәуелсіз Серіктестер үшін кіру

Дұрыс таңғы ас – дұрыс күн

14.03.2011

14 наурызда, дүйесенбі күні, Herbalife компаниясы журналистер үшін фитнес-таңғы асын ұйымдастырды, онда дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру бойынша теңгерімді таңғы астың мәні және артық салмақпен күресудегі оның ролі туралы әңгіме болды.

«2009 жылғы ВЦИОМ деректеріне сәйкес 70% астам ресейліктер жоғары май және қант мөлшері бар калориялы тамақпен таңғы ас ішеді, ал 15% мүлде таңғы ас ішпейді», - деп атап өтті Ресей мен ТМД Herbalife маркетинг және жұртшылықпен байланыс жөніндегі директор Ирина Шевченко.

Көптеген адамдар олардың ағзасында не болып жатқандығын және хал-ахуалына және сыртқы келбетіне қаншалықты зиян келетіндігін мүлде білмейді.

Мысалы, бутербродтар, бәліштер, қантпен кофе, қауыздар, – мұның барлығы жылдам ыдырайтын және лезде майға айналатын «жылдам» көмірсулар.

«Ағза кенет таза қант мөлшерін алғаннан кейін ұйқы безімен инсулиннің тез арада бөлінуін қоздырады, нәтижесінде қандағы қанттың деңгейі азаяды. Осындай көмірсулардың салдарынан тоқтық сезімі көп уақыт сақталмайды, нәтижесінде аштықты және әлсіздікті жою үшін жеңіл ас ішуге алып келеді», - дейді дәрігер-диетолог, эндокринолог Алла Шилина. «Ал оңай жеңіл ас қандай? Әрине қайтадан жылдам көмірсулар: кәмпит, шоколад, тәтті бәліштер, бутерброд. Бұл көмірсулы тәуелділік артық салмаққа және нашар көңіл-күйге, нәтижесінде – денсаулықтың нашарлауына алып келеді», - деп түсіндіреді сарапшы.

Таңғы астан бас тарту тез шаршауға, әлсіздікке алып келеді, ал күшті тоқтық сезімі калориясы жоғары тамақ ішуге итермелейді, бұл күні бойы тамақтанудың дұрыс емес режимін қалыптастырады. Дұрыс емес тамақтану әдеттері нашар көңіл-күйдің және артық салмақтың жиналуына алып келеді. Таңғы асты ішпейтін адамдар жылына 4-7 кг артық салмақ жинайтыны белгілі (ВЦИОМ деректері, 2009 жыл).

Herbalife сарапшылары теңгерімді таңғы астың орындайтын маңызды фукнцияларын түсіндірді:

1. Энергия

Таңертеңнен бастап алдыңғы күні жұмсаған энергияны толтыру және ағзаны күні бойы жұмысқа қуаттау қажет.

2. Қоректік элементтер

Кешегі күні және түнгі уақытта клеткалардың қайта жаңару және қайта қалпына келу процесінде ағза жұмсаған қоректік элементтер жинағын толтыру қажет.

3. Сумен толтыру

Түні бойы ағза тыныс алу, тер бөліну және таңертең дәретханаға шығу арқылы көп су жоғалтады, сондықтан ағзадағы су қорын қалпына келтіру маңызды. Дәстүрлі шәй немесе кофе оның құрамында кофеинннің болу салдарынан диуреттік әсерге ие және жай судың баламасы деп есептеуге болмайды.

4. Күні бойы тәбетті бақылау

Теңгерімді таңғы ас ұзақ уақытқа қанығу сезімін береді, бұл бақыланбайтын аштық сезімін және қайта-қайта жеңіл тамақтануды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл энергияның жеткілікті қорын және сергектікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар рационның калориялығын бақылауға және артық салмақ жинамауға мүмкіндік береді.

Сарапшылар ағзаның оңтайлы жұмысы үшін оған күнделікті 100 астам әртүрлі заттар (нутриенттер) түсу керектігін айтады. Оларға ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералдар, микроэлементтер, аминқышқылдары және т.б. жатады. Ағзаның бүкіл жүйесінің жұмысына қатысатын судың қызметін есте сақтау маңызды (күніне 1,5-2 литр су).

Диетологтар теңгерімді таңғы астың құрамында:

  • шамамен 20 г ақуыздың
  • дәрумендер мен минералды заттардың негізгі жинағының
  • 5 г көп емес майдың
  • құнды клетчатканың
  • судың
  • 300-400 артық емес калорияның болуына ұсыныс береді.

Заманауи өмірде теңгерімді таңғы асты дайындау үшін күнделікті уақыт бөлу қиын. Сондықтан арнайы әзірленген функционалды тамақ өнімдері пайдалы болып табылады. Мысалы, теңгерімді тамақтану саласындағы сарапшы – Herbalife компаниясының өнімдері. Herbalife теңгерімді таңғы ас негізін Формула 1 протеинді коктейль құрайды.

Herbalife ұсынған теңгерімді ас, бұл:

  • 20 астам әртүрлі дәрумендер, минералдар, микроэлементтер, амин қышқылдары
  • коктейльді майсыз сүтте дайындаған кезде 17 г ақуыз
  • көптеген ұсынылған күнделікті антиоксиданттардың жартысы
  • пайдалы клетчатка
  • небәрі 220 килокалорий
  • толыққұнды, қоректік таңғы асты әзірлеуіне небәрі 2 минут

Және оның пайдасымен қатар, ол өте дәмді.

Herbalife функционалды тамақ өнімдерінен тұратын таңғы ас қрапайым адамдармен салыстырғанда, «Барселона», «Валенсия», «Los Angeles Galaxy» және «Спартак-Москва» сияқты, теңгерімді тамақтануды жоғары бағалайтын кәсіпқой спортшылар да бағасын берді, Herbalife олардың тамақану бойынша ресми серіктесі болып табылады.

“Herbalife ұсынған Формула 1 коктейлімен таңғы ас ағзаны қажетті ақуызбен, дәрумендермен және минералды заттармен, «күрделі» көмірсулармен, клетчаткамен және басқа қажетті элементтермен қамтамасыз етеді. Мұндай таңғы ас күні бойына дұрыс тамақтану режимін ұсынады, бұл жақы көңіл-күй, сергектік және салмақты бақылау үшін өте маңызды“, - деп санайды дәрігер-диетолог, эндокринолог Алла Шилина.

Өтінім қалдыру