мазмұны:
Авокадоны қаныққан, барқыт дәмі үшін жақсы көреді. Шикі болса да, оның көптеген пайдасы бар, сондықтан бүкіл әлемдегі адамдар оны рационына қосады.
Үйлесімді тамақтануға арналған басқа өнімдерді қалай таңдау керектігі туралы ақпаратты Herbalife Nutrition-нің Персоналды кеңесшісінен сұраңыз.
Авокадо несімен құнды?
Жеміс А дәруменіне, фосфорға, магнийге, кальцийге, темірге, мырышқа және марганецке бай. Авокадо сонымен қатар май қышқылдарының омега-3-нің, лютеин мен бета-каротиннің көзі болып табылады.
Сонымен қатар, оның піскен мәйегіндегі жасұнығы жаман холестерин деңгейін айтарлықтай төмендететіні дәлелденді, ал бұл жүрек аурулары мен асқазан-ішек жолдарының проблемаларын болдырмайды деген сөз.
Бұл жемісті үнемі тұтыну К дәруменінің арқасында сүйек беріктігін сақтауға көмектеседі.
Салмақ жоғалту кезінде авокадо жеу
Авокадо құрамында майдың жоғары болуына байланысты диетаға жарамайды деген қате пікір бар. Дегенмен, өнімнің негізгі бөлігі дене жасушаларының оңтайлы жұмыс істеуіне ықпал ететін моноқанықпаған майлардан тұрады.
Тағы бір артықшылығы – басқа жемістермен салыстырғанда авокадо құрамында қант өте аз. Жеміс шамамен 73% судан, 15% майдан, 8,5% көмірсулар мен 2% ақуыздардан тұрады.
Қалай таңдап, рационға қосуға болады
Піскен авокадоны таңдау үшін жемісті бас бармақ пен ортаңғы саусағыңыздың арасына қойып, аздап басыңыз.
Піскен жеміс басқан кезде жұмсақ болады, ал қабығы бүйірлеріне аздап түседі. Мұндай авокадодан салаттар дайындаған жақсы. Егер басқанда ол өте жұмсақ болып көрінсе, онда жеміс қатты пісіп кеткен, оны езбе мен тұздықтар үшін қолданған жөн.
Қаттылық жемістердің піспегенін көрсетеді, бірнеше күн олардың пісуін күту керек. Жемістер қажетті жұмсақтыққа дейін пісуі үшін авокадоды қараңғы бөлмеде бөлме температурасында ұстаңыз, содан кейін оны тоңазытқышқа қойыңыз.
Тамақтану рационына аллигатор алмұртын қосудың көптеген жолдары бар. Бұл экзотикалық жемістің жұмсақ, майлы мәйегін нанға жағып жеуге немесе салатқа турап салуға болады. Оны тұмшапеште дәмдеуіштер салып пісіруге болады немесе одан тағамдарға тұздық жасауға болады. Авокадода көңіл-күйіңізді көтеретін және қуат деңгейіңізді арттыратын таптырмайтын табиғи элементтер жиынтығы бар. Сондықтан жеміс таңғы асқа өте қолайлы.
Ал егер сіз таңғы асқа қосымша дәрумендерді қажет етсеңіз, Green Max Select-ті * қабылдап көріңіз. Ол антиоксиданттар мен маңызды тағамдық талшықтардың қоспасын қамтиды, сонымен қатар рационыңызды өсімдіктердің 14 түрінен алынған жасыл нутриенттермен байытуға көмектеседі. 1
*Дәрілік зат емес, ББҚ.
Дереккөздер:
1. Herbalifekazakhstan.com: Green Max Select // URL: https://herbalifekazakhstan.com/catalog/grin-maks-select/?sphrase_id=22850 (жүгіну күні: 2022.18.10).