мазмұны:
Мінсіз жазғы салат өзіндік ерекшелігіне қарамастан қарапайым, ал дәмі айқын әрі жағымды болуы керек, сондай-ақ ол ұзақ уақыт тойымды болғанымен асқазанда ауырлық тудырмауы керек. Мұндай тағам бар! Ол дәрумендер мен күн қуатына толы Herbalife Nutrition-нің рецептісімен дайындалған салат.
Неліктен көкөністерді жеу маңызды?
Маусымдық көк пен жаңа піскен көкөністер – құнды нутриенттердің көзі. Сондықтан жаз кезінде оларды рационға көбірек қосу керек.
Көк (ақжелкен, аскөк, көк пияз) антиоксиданттық әсерге ие 1. Томаттарда ликопин фитонутриенті бар, ол көкөніске ашық түс береді, ал ас қорыту жүйесіне түскенде ағзаның қорғаныс қабілетін арттыруға көмектеседі 2.
Жаңа піскен көкөністер суперфудтармен тамаша үйлеседі. Herbalife Nutrition-нің Green Max Select өнімінің * құрамында 14 суперфуд пен өсімдік нутриенттері бар: саумалдық, кейл, брокколи, бидай өсіндісі, арпа өсіндісі, хлорелла, спирулина, зімбір, куркума, зығыр тұқымы, сұлы мен алманың тағамдық талшықтары, банан ұнтағы, қырмызыгүл сығындысы. Осы өнімге негізделген бір стақан коктейль адамның балғын көкке деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады 3.
Green Max Select өнімінің * құрамында адам тек тағамнан ғана алатын антиоксидант лютеин бар. Гонконг университеті мен Гарвард медициналық мектебінің халықаралық ғалымдар тобы бұл каротиноидтың көру жүйесінің жұмысын сақтауға көмектесетінін анықтады 4.
Herbalife Nutrition-нің классикалық рецептісімен қалай салат дайындауға болады
Екі адамға тағам дайындау үшін сізге мыналар қажет: **
Формула 3 протеин қоспасы – 1 өлшеуіш қасық
Green Max Select * – 2 өлшеуіш қасық
Айсберг салаты – 120 грамм
Черри қызанақтары – 120 грамм
Грек йогурты – 100 грамм
Мини моцарелла – 160 грамм
Тұз, бұрыш – дәміне қарай.
Қатық әзірлеңіз. Ол үшін йогуртты, Формула 3 протеин қоспасы мен Green Max Select-ті * араластырыңыз.
Салат жапырақтарын қолыңызбен ұсақтаңыз, черриді екіге бөліңіз, моцарелла , тұз, бұрыш пен тұздық қосыңыз, араластырыңыз. Енді дастарханға қоя беруге болады.
Үйлесімді тағамдардың көбірек дәмді және қарапайым рецепттерін Herbalife Nutrition-нің Персоналды кеңесшісінен білуге болады.
* Дәрілік зат емес, ББҚ.
** Рецепттердегі өнімдердің мөлшері шамамен берілген. Herbalife Nutrition-нің өнімдерін қолданар алдында заттаңбалардағы ақпаратты оқуды ұсынамыз.
Дереккөздер тізімі:
1. Lafarga T, Villaró S, Rivera A, Bobo G, Aguiló-Aguayo I. Bioaccessibility of polyphenols and antioxidant capacity of fresh or minimally processed modern or traditional lettuce (Lactuca sativa L.) varieties. J Food Sci Technol. 2020 Feb. URL: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/32116384/ (жүгіну күні: 2022.12.07).
2. Kris-Etherton PM, Hecker KD, Bonanome A, Coval SM, Binkoski AE, Hilpert KF, Griel AE, Etherton TD. Bioactive compounds in foods: their role in the prevention of cardiovascular disease and cancer. Am J Med. 2002 Dec 30. URL: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/12566142/ (жүгіну күні: 2022.12.07).
3. Herbalifekazakhstan.com Green Max Select // URL: https://herbalifekazakhstan.com/catalog/grin-maks-select/ (жүгіну күні: 2022.12.07).
4. Li LH, Lee JC, Leung HH, Lam WC, Fu Z, Lo ACY. Lutein Supplementation for Eye Diseases. Nutrients. 2020 Jun 9. https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/32526861/ (жүгіну күні: 2022.12.07).