Монокомпонентті диеталардың кемшіліктері: грейпфрут диетасы

5.10.2022 306 0
(0 дауыс)

Монокомпонентті диеталардың кемшіліктері: грейпфрут диетасы

Монокомпонентті диеталардың кемшіліктері: грейпфрут диетасы

Диета индустриясы қанша уақыттан бері бар болса, монодиеталар да сол кезден бар. Бұл салмақ тастаудың жылдам әдісі деп саналады. Бірақ сонымен бірге монодиета ұзақ мерзімді жетістікке жету мүмкіндігі жоқ экстремалды әдістердің бірі болып табылады. Неліктен бұлай болғанын мақалада қарастырамыз.

Сіз белгілі бір диетаны ұстанасыз ба, жоқ па, сіздің диетаңыз үйлесімді болуы керек. Herbalife Nutrition-нің Персоналды кеңесшісі толыққанды диета принциптері туралы айтып, өнімдерді таңдауға көмектеседі.

Монодиетаның негізгі ережелері

Монодиета жалғыз өнімді пайдалануды білдіреді. Көпшілікке мәлім диета түрлеріне жұмыртқа, тауық еті, картоп, банан мен алма кіреді. Диетаны жеңілірек түсіндірсек, ол жемістер, бұршақ дақылдары, көкөністер немесе ет сияқты тек бір топтағы азық-түлікті жеуді қажет етеді.

Әдетте, монодиета бір-екі апта ішінде ғана қолданылады. Одан шыққан кезде біртіндеп қосымша азық-түлік өнімдерін жей бастау керек.

Монодиеталардың кемшіліктерінің бірі – құнды элементтердің жетіспеу қалу қаупі. Ол жүрек-қан тамырлары ауруларынан бастап, сынғыш сүйектерге, гормондар үйлесімсіздігіне дейін, көптеген проблемаларға әкелуі мүмкін.

Сондықтан дәрумендерді, минералдарды, амин қышқылдарын қабылдап тұруды қадағалау керек. Формула 2. Әйелдерге арналған дәрумендер мен минералдар кешені* рационның жан-жақты жақсаруын қамтамасыз ететін 24 биобелсенді элементті қамтиды. 1

Монокомпонентті диетада салмақ жоғалту мүмкін бе?

Көпшілік монодиетада салмақты азайтуға болады деп ойлайды, бірақ нәтиже ұзаққа созылмайды. Ақуызы аз бір ғана өнімді жеу арқылы адам май емес, бұлшықет тінін жоғалтады.

Сонымен қатар, дененің метаболикалық жылдамдығы төмендейді, бұл жағылатын калориялардың мөлшерін азайтады. Сондықтан диетаны да, физикалық жүктемені де қамтитын арықтаудың үйлесімді жоспарын орындау маңызды. Сонда ғана ол артық келелерді тастауға көмектеседі.

Грейпфрут диетасының артықшылықтары мен кемшіліктері

Көптеген адамдар жемістің құнды қасиеттеріне байланысты грейпфрут диетасын таңдайды. Жеміс С және А дәрумендерінің, жасұнықтың тамаша көзі болып табылады. Грейпфруттың төмен гликемиялық индексі қандағы қант деңгейін жоғарылатпайды. Грейпфрут шырыны керемет дәмді және төмен калориялы.

Бұл диетаны ұстану оңай әрі қолжетімді, өйткені көп азық-түлік сатып алудың қажеті жоқ.

Дегенмен, сарапшылар грейпфрут диетасының оң әсерімен қоса, теріс жақтарының болуымен келіседі. Бірыңғай тамақ тез жалықтырып жіберіп, диетаны тастауға әкелуі мүмкін. Грейпфрутты аш қарынға жеуге болмайды, әйтпесе қышқылдың шығуы артып, асқазан-ішек жолдарының проблемалары туындап, ас қорыту баяулауы мүмкін.

* Дәрілік зат емес, ББҚ.

Дереккөздер:

  1. Herbalifekazakhstan.com: Формула 2. Әйелдерге арналған дәрумендер мен минералдар кешені // URL: https://herbalifekazakhstan.com/catalog/formula-2-kompleks-vitaminov-i-mineralov-dlya-zhenshchin/ (жүгіну күні: 2022.17.10).
  2. Leanne M. Redman, Corby K. Martin. Effect of Caloric Restriction in Non-Obese Humans on Physiological, Psychological and Behavioral Outcomes // URL: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC2535933/ (жүгіну күні: 2022.17.10).
Herbalife
Ракова Ирина Сергеевна
Мақаланы бағалаңыз:
(0 дауыс)


Өтінім қалдыру