Анастасия Кургиниан
Ішкі тамақтану бойынша Herbalife Nutrition сарапшысы
Формула 1 протеинді коктейлі. Күні бойы теңгерімді тамақтанудың оңай жолы. Сіңімділігі жоғары ақуыз ас қорыту жүйесінің жасушалары үшін құрылыс материалының қайнар көзі болып табылады, ал құрамындағы ас талшықтары рациондағы көкөністер мен жеміс-жидектер тапшылығының орнын толтыруға көмектеседі. Сусынның бір порциясында дәрумендердің бір тәулікке ұсынылатын мөлшерінің 50%-ы болады.
Шөптен жасалған сусынның құрамында зат алмасу процесін тездететін және токсиндердің дұрыс шығуына ықпал ететін шай сығындылары, кофеин, ферменттер, дәрумендер мен минералдар бар.
Алоэ өсімдік сусыны. Алоэ сусыны ас қорыту жүйесінің қалыпты жұмысын сақтауға және ағзаға шырышты қабықтың қабынуымен күресуге көмектеседі. Суға қарағанда сіңімділігінің жоғары болуы себебінен ағзадан шлактарды шығаруға септігін тигізеді.
Сұлы-алма сусыны. Микрофлораның саулығын қамтамасыз ету және ішектің моторлық функциясын сақтауға қажетті еритін және ерімейтін ас талшықтарынан тұрады, олар өз кезегінде жайсыздықпен күресуге көмектеседі.
Формула 3 протеинді қоспасы. Бір порцияда 5 грамм ақуыз болады, ол бар болғаны 23 ккалды құрайды. Артық калориясыз қосымша ақуыздың маңызды қайнар көзі. Оны өзіңіз күнделікті ішіп жүрген Формула 1 протеинді коктейліңізге немесе кез келген басқа сусынға қосуға болады.
Формула 2. Құрамында зат алмасуға көмектесетін рибофлавин бар. Формула 1 Протеинді коктейлімен бірге пайдаланыңыз.
Гербалайфлайн Макс – майлардың метаболизмі (липидті алмасу) процесін реттеу, жүрек-қан тамыры жүйесі1**,көру жүйесі1***, мидың қалыпты функциясын2*** сақтау үшін қажет болатын Омега-3 көп қанықпаған майлар, сондай-ақ D және Е дәрумендерінің қайнар көзі.
Жасуша активаторы ағзада қоректік заттардың барынша толық сіңуіне көмектеседі. Құрамындағы В дəрумендерінің кешені зат алмасудың барынша қарқынды жүруіне ықпал етеді.