Вячеслав Захаров
Ішкі тамақтану бойынша Herbalife Nutrition сарапшысы
Өз рационыңызға Формула 1 Протеинді коктейлін қосыңыз. Оның құрамында оңай сіңетін ақуыз, клетчатка жəне 20-дан астам дəрумендер мен минералдар бар. Бұл – бар болғаны 2 минутта толыққанды тамақтану мүмкіндігі!
Шөптен жасалған сусын. Алты фитокомпоненттің сығындылары мен кофеин керемет сергітеді жəне таңертеңнен бастап күш-қуат береді. Сондай-ақ, сусын ағзаның антиоксиданттық қорғаныш қасиетін күшейтеді.
Алоэ өсімдік сусыны ас қорыту жүйесінің қалыпты түрде жұмыс істеуіне көмектесетін жəне ас қорыту процесін реттейтін табиғи алоэден тұрады.
Формула 3 протеинді қоспасы – бұл ақуыздың қосымша көзі. Сарысулық ақуыз бен соя ақуызының изоляты бұлшықет тінін қалыптастыруға көмектеседі жəне ұзақ уақыт бойы тоқтық сезімін қамтамасыз етеді. Ақуыздың тиімді мөлшерін алу үшін өзіңіздің коктейліңізге Формула 3 протеинді қоспасын қосыңыз.
Қытай серменесі сығындысының негізіндегі Шизандра Эдванс мықты антиоксиданттық əсерге ие*. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуіне, оттегіні сіңіру қабілетін арттыруға жəне шаршағандықты басуға көмектеседі.
Herbalife 24 Қалпына келтіруші коктейлі құрамы сарысулық ақуыз бен казеиннің 25 грамынан тұрады, олар бұлшықет массасының өсуіне жəне дене жүктемелерінен кейін қалыпқа келуге көмектеседі. Ал көмірсутектерінің кешені күш-қуаттың дереу қалпына келуін жəне ұзақ уақытқа дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
ЭкстраКаль Эдванс. Бар болғаны үш таблетка кальцийдің қажетті тəуліктік мөлшерін 100% қамтамасыз етеді. Оның құрамына D дəрумені, мыс, магний, марганец кіреді. Сондай-ақ құрамында кальцийді сіңіруге көмектесетін, иммундық жүйе, репродуктивті органдар үшін маңызды, тіндерді қалпына келтіру мен жаңартуға қажетті мырыш бар.
Формула 2. Дəрумендер мен минералдар кешені. Бұл – ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне қажетті 24 нутриенттің үйлесімі. Формула 1-мен бірге қолданыңыз.
Найтворкс*. Уақыт өте келе ағзаның азот оксидін бөлу қабілеті төмендейді. Найтворкс ағзаның азот оксидін бөлуіне көмектеседі, сөйтіп жүрек-қан тамыры жүйесінің қалыпты түрде жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Жасуша активаторы ағзада қоректік заттардың барынша толық сіңуіне көмектеседі. Құрамындағы В дəрумендерінің кешені зат алмасудың барынша қарқынды жүруіне ықпал етеді.