Эмиль Гидаятли
Ішкі тамақтану бойынша Herbalife Nutrition сарапшысы
Өз рационыңызға Формула 1 Протеинді коктейлін қосыңыз. Оның құрамында оңай сіңетін ақуыз, клетчатка және 20-дан астам дәрумендер мен минералдар бар. Бұл – бар болғаны 2 минутта толыққанды тамақтану мүмкіндігі!
Шөптен жасалған сусын. Алты фитокомпоненттің сығындылары мен кофеин керемет сергітеді және таңертеңнен бастап күш-қуат береді. Сондай-ақ, сусын ағзаның антиоксиданттық қорғаныш қасиетін күшейтеді.
Алоэ өсімдік сусыны ас қорыту жүйесінің қалыпты түрде жұмыс істеуіне көмектесетін және ас қорыту процесін реттейтін табиғи алоэден тұрады.
Формула 2. Ер адамдарға арналған дәрумендер мен минералдар кешені* рационды микронутриенттердің қажетті мөлшерімен байытуға арналған.
ЭкстраКаль Эдванс. Бар болғаны үш таблетка кальцийдің қажетті тəуліктік мөлшерін 100% қамтамасыз етеді. Оның құрамына D дəрумені, мыс, магний, марганец кіреді. Сондай-ақ құрамында кальцийді сіңіруге көмектесетін, иммундық жүйе, репродуктивті органдар үшін маңызды, тіндерді қалпына келтіру мен жаңартуға қажетті мырыш бар.
Формула 3 протеинді қоспасы – бұл ақуыздың қосымша көзі. Сарысулық ақуыз бен соя ақуызының изоляты бұлшықет тінін қалыптастыруға көмектеседі және ұзақ уақыт бойы тоқтық сезімін қамтамасыз етеді. Ақуыздың тиімді мөлшерін алу үшін өзіңіздің коктейліңізге Формула 3 протеинді қоспасын қосыңыз.
Гербалайфлайн Макс - майлардың метаболизмі (липидті алмасу) процесін реттеу, жүрек-қан тамыры жүйесі2,көру жүйесі2, мидың қалыпты функциясын2 сақтау үшін қажет болатын Омега-3 көп қанықпаған майларының қайнар көзі, сондай-ақ Е дəрумені.
Найтворкс*. Уақыт өте келе ағзаның азот оксидін бөлу қабілеті төмендейді. Найтворкс ағзаның азот оксидін бөлуіне көмектеседі, сөйтіп жүрек-қан тамыры жүйесінің қалыпты түрде жұмыс істеуіне септігін тигізед
Herbalife 24 Қалпына келтіруші коктейлі құрамы сарысулық ақуыз бен казеиннің 25 грамынан тұрады, олар бұлшықет массасының өсуіне және дене жүктемелерінен кейін қалыпқа келуге көмектеседі. Ал көмірсутектерінің кешені күш-қуаттың дереу қалпына келуін және ұзақ уақытқа дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
Жасуша активаторы ағзада қоректік заттардың барынша толық сіңуіне көмектеседі. Құрамындағы В дəрумендерінің кешені зат алмасудың барынша қарқынды жүруіне ықпал етеді.