Кореяның Ұлттық Статистикалық Бюросынан жақында алынған деректер осы елдің үштен бір бөлігі - шамамен 10 млн. адам - артық салмаққа шалдыққандығын және олардың саны жылына 400 мың адам қарқынмен артқандығын растады.
Зерттеу мақсаты - салмақты азайту және дененің оңтайлы массасын қамтамасыз ету құралы ретінде ақуызбен байытылған тағам алмастырғыштарының тиімділігін растау. Жетекші - профессор Белонг Чо, Сеул Ұлттық Университетінің отбасылық медицина бөлімі, Herbalife Ғылыми-консультациялық кеңесінің мүшесі.
Зерттеуге артық салмағы бар 75 адам қатысты және 12 апта бойы жүргізілді. Барлық қатысушылар күнделікті 2 рет тамақ ішу уақытында Формула 1 протеинді коктейлін қабылдады. Бұл ретте бірінші топ стандартты ақуыз мөлшерімен диетаны сақтады (шамамен 15% барлық алынған калорий), ал екінші топ Формула 3 Протеинді қоспасын қосумен Формула 1 протеинді коктейлін қабылдады, осылайша ақуыздың екі еселі мөлшерін қабылдады.
12 апта өткеннен кейін екі топтың тәжірибе қатысушылары арықтады. Бірақ ақуыз мөлшерін көп қабылдаған қатысушылар дененің бұлшық ет массасы емес, майды жоғары мөлшерде жоғалту есебінен көп арықтады.
Зерттеу ақуызбен байытылған тағам алмастырғыштарын қабылдау арықтау және дененің оңтайлы массасын қамтамасыз ету құралы екендігін дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері «International Journal of Clinical Practice» (Халықаралық клиникалық практика журналының) ақпандағы айында жарияланды.
Профессор Белонг Чо: "Бұл әзірлемелер ақуызбен байытылған тағам алмастырғыштарын қабылдау арықтау және ағзадағы май түзілімдерін азайту құралы екендігін дәлелдеді. Корея халқының арасында семіздік проблемасының жыл сайын артуына байланысты салмақты тиімді азайту мәселесі өзекті болып табылады. Біз арықтау үшін тағамдық ақуыз алмастырғыштардың әсер етуін дәлелдедік және бұл бүкіл әлем бойынша семіздік проблемасын шешуге ықпал етеді."