05.09.2025
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Солнышко», арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері «Ирбис Алатау» клубының кәсіби баскетболшыларымен бірге жарқын және шабыттандыратын спорт күнін өткізді. Іс-шара салмақты бақылау және салауатты өмір салты бойынша әлемдегі №1 бренд — Herbalife компаниясы мен AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Спорт күніне 30 бала қатысты, олар жас бойынша топтарға бөлініп, ойыншылармен бірге бой қыздыру мен эстафетадан бастап достық матчтар мен оқыту мини-ойындарына дейін оқиғаға толы бағдарлама өткізді. Алаңда командалық рух пен өзара қолдау атмосферасы орнады — балалар баскетболдың негіздерін үйреніп қана қоймай, кәсіби спортшылар арасынан жаңа достар тапты.
«Біз үшін балаларға дағдыларды ғана емес, өзіне деген сенімділікті, адамдармен араласу қуанышы мен қолдау сезімін сыйлау маңызды. Бүгінгі оқиға — спорттың біріктіре және шабыттандыра отырып, балалар болашағының берік іргетасын қалайтынының ең жақсы дәлелі», — деп атап өтті Herbalife Қазақстан және Қырғызстан бойынша бизнесті дамыту басшысы Игорь Гончаров. Ол өткен жылы Herbalife Тәуелсіз Серіктестерінің қайырымдылық жарнасы есебінен қаржыландырылатын Casa Herbalife қайырымдылық бағдарламасы аясында бүкіл әлем бойынша 200 мыңнан астам балаға көмек көрсетілгенін атап өтті.
Іс-шараны ұйымдастыруға AYALA қайырымдылық қоры қолдау көрсетті, ол бұрын да Herbalife-пен бірге «Солнышко» орталығында бірнеше бастаманы, соның ішінде асүйді жаңарту мен аспаздық шеберлік сабақтарын өткізуді жүзеге асырған болатын. «Біздің мақсатымыз — бақытты және толыққанды балалық шаққа жағдай жасау. Біз балаларға жаңа эмоциялар, тәжірибе мен жайлылық сыйлау үшін Herbalife-пен ынтымақтастыққа қуаныштымыз», — деп атап өтті AYALA қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.
«Ирбис Алатау» командасы үшін балалар мерекесіне қатысу — бұл балаларға баскетбол негіздерін үйретіп қана қоймай, оларды даңқты ойыншыларымыздың жеңіс қуатына бөлеудің бірегей мүмкіндігі», — деп атап өтті 2024 жылы Ұлттық лигада Қазақстан чемпионы атанған «Ирбис Алатау» баскетбол клубының директоры Евгений Булатов. — «Біз мұндай кездесулер балаларды биік мақсат қоюға және спортта да, өмірде де оларға сенімді түрде жетуге шабыттандырады деп сенеміз».
Спорт күні мерекелік атмосферада теңгерімді түскі аспен аяқталды. Кәдесыйлар, жаңа эмоциялар мен бірлескен фотосурет барлық спорттық мереке қатысушысының жадында жылы естелік ретінде ұзақ сақталады. Бұл іс-шара — балалардың өмірінде мәнді және тұрақты өзгерістер жасау үшін бизнестің, қайырымдылық ұйымдары мен спорттың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретін табысты әлеуметтік серіктестіктің жарқын мысалдарының бірі.
1 Euromonitor International Limited; Consumer
Health 2025 ж. сәйкес салмақты бақылауға және салауатты өмір салтына арналған
өнімдер санатында; жаһандық бренд иелері бойынша бөлшек сауда үлесінің құндық
мәндегі жиынтық %, 2024 ж. деректер