Тақырыбы: Қазақстандағы Casa Herbalife бағдарламасы: «Ковчег» орталығына арналған жаңа өнеркәсіптік асүй | Новости Herbalife

Тақырыбы: Қазақстандағы Casa Herbalife бағдарламасы: «Ковчег» орталығына арналған жаңа өнеркәсіптік асүй

Оқиғалардан хабардар болыңыз

13.04.2026

0333.JPG

Herbalife отбасылық қоры (HFF) Қазақстандағы балалар әлеуметтік мекемелеріне көрсетілетін қолдауды кеңейтуді жалғастыруда. Биылғы жылы Casa Herbalife жаһандық бағдарламасы аясында «Ковчег» балалар мен отбасыларды қолдау орталығындағы (Талғар қ.)  асүй жаңартылды.

 Тамақтану сапасы арқылы қамқорлық көрсету 
«Ковчег»-те ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған 35 бала тұрады. Оларды толыққанды тамақтанумен қамтамасыз ету үшін техникалық базаны жаңарту қажет болды — ескі жабдықтың пайдаланылғанына 25 жылдан астам уақыт өткен.
Балалар әрқашан жаңа піскен және ыстық тамақ іше алуы үшін біз AYALA қайырымдылық қорымен бірлесіп заманауи өнеркәсіптік жабдықтарды: газ плитасын, тұмшапеш пен жұмыс беттерін сатып алып, орнаттық.

 Жеке қатысу және еріктілік 
Біздің қайырымдылық бастамаларымыздың ерекшелігі — Herbalife Тәуелсіз Серіктестерінің белсенді қатысуы. Олар бағдарламаны қаржылый ғана қолдап қоймай, сондай-ақ өз уақыты мен жан жылуын да бөліседі. 
• 2026 жылғы наурыз: Тәуелсіз Серіктестер «Ковчег»-ке арнайы сапармен барды. 
• Аспаздық шеберлік сабағы: еріктілер мен балалар бренд амбассадоры Канимет Женишовпен бірге пайдалы тағамдар дайындап, бірге дастарқан жайды.

 Casa Herbalife бағдарламасының цифрлары мен фактілері: 
• Ауқымы: әлемнің әртүрлі елдеріндегі 180 ұйымды қолдау. 
• Қамту: жыл сайын 200 000-нан астам бала көмек алады. 
• Ашықтық: CASA Herbalife бағдарламасы брендтің Тәуелсіз Серіктестерінің қайырымдылығы есебінен жүзеге асырылады. 
• Сабақтастық: өткен жылы Қазақстанда аталмыш жоба «Солнышко» орталығында сәтті жүзеге асырылса, биыл «Ковчег» орталығында іске асты.
Біз қамқорлықтың қарапайым нәрселерден көрінетініне сенеміз. Тұрақты тамақтандыру мен тәлімгерлердің қолдауы — тәрбиеленушілерімізге болашаққа сенімді қарауына көмектесетін өмірлік тірек.

Өтінім қалдыру