Herbalife Nutrition Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен серіктес болды

Herbalife Nutrition Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен серіктес болды

Оқиғалардан хабардар болыңыз

09.08.2022

Үйлесімді тамақтану саласындағы әлемдік сарапшы Herbalife Nutrition Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен ынтымақтастық орнатқаны туралы қуана хабарлайды

ҰСТО – салауатты тамақтануды кез келген азамат үшін қолжетімді, түсінікті және күнделікті дәргей ету міндетін алдына қойған әртүрлі сала мамандарының қоғамдық бірлестігі .

Herbalife Nutrition мақсаты Ұлттық салауатты тамақтану орталығының миссиясымен сәйкес келеді. Компания қазақстандықтарды өз денсаулығын тиімді басқаруды, белсенді және салауатты өмір салтын ұстануды үйретуге ұмтылады. Мақсатына жету үшін Herbalife Nutrition өзінің барлық ресурстарын – жаһандық және жергілікті сарапшылардың ғылыми сараптамасын, Herbalife Nutrition-нің функционалды өнімдерін және ең бастысы, компанияның Тәуелсіз серіктестері тарапынан ынталылық пен әлеуметтік-психологиялық қолдауды инвестициялауға дайын.

«Herbalife Nutrition өз жұмысын Қазақстанда 2012 жылы бастады, сол жылы Ұлттық салауатты тамақтану орталығы құрылды. 10 жыл ішінде біз де, ҰСТО-ғы әріптестеріміз де үйлестірілген тамақтану саласында үлкен тәжірибе мен білім жинадық және біз отандастарымыздың арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін күш-жігерімізді біріктіруге қуаныштымыз» - дейді Эльвира Болотова, «Гербалайф Қазақстан» ЖШС-нің бас директоры.
Өз денсаулығына саналы көзқарас қазірдің өзінде жаһандық трендке айналды, бұл ретте Қазақстан да қалыс қалмайды. Сондықтан да салмақ жоғалтуға және бақылауға арналған өнімдер сегментінің өзектілігі өсіп келе жатқанына қарамастан, бүгінгі таңда біздің жұмысымыздың басым бағыттары «белсенді өмір салты» және «салауатты ұзақ өмір сүру» болып табылады.



Анықтама:
Herbalife Nutrition (NYSE: HLF) – 1980 жылдан бері салауатты және белсенді өмір салтына арналған тамақтану өнімдерімен адамдардың өмірін өзгертіп, Тәуелсіз серіктестері үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашып келе жатқан жаһандық компания. Бүгінгі күні Herbalife Nutrition өнімдері 90-нан астам елде сатылады. Компания ғылыми жетістіктердің негізінде әзірленген жоғары сапалы тамақтану өнімдерін ұсынады және Тәуелсіз серіктестерінің көмегімен тұтынушыларға жеке қолдау көрсете отырып, салауатты және белсенді өмір салтын ұстануға шабыттандырады. Herbalife Nutrition аштықты тоқтату жөніндегі жаһандық науқанының аясында халықты тамақтану өнімдерімен қамтамасыз етуге үлес қосып, салауатты өмір салтын ұстануға үйретеді.
Толығырақ herbalifekazakhstan.com сайтында.

«Ұлттық салауатты тамақтану орталығы» қоғамдық бірлестігі нутрициологтардың, диетологтардың, дәрігерлердің, ғалымдардың, технологтардың және басқа да байланысты салалардағы мамандардың бірлестігі болып табылады, тамақ өнімдері мен қоспаларды өндірушілер мен жеткізушілердің, тамақтану мәселелерімен айналысатын басқа да коммерциялық емес және бизнес құрылымдардың, сондай-ақ салауатты тамақтану мәселелеріне мүдделі барлық азаматтар мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіреді. Бірлестік өз қызметін 1963 жылы бастаған Қазақ тағамтану академиясының жетекші мамандарымен 2012 жылы құрылып, содан бері физиология, биохимия, тағамдық иммунология салаларында көптеген ғылыми зерттеулер жүргізді. Қазақ тағамтану академиясының ғылыми жетістіктері халықаралық деңгейде кеңінен танылды.
Толығырақ ncn.nutristeppe.com сайтында.


Өтінім қалдыру