31.05.2023
Көктемгі қайта қалыпқа келу: көктемгі-жазғы кезеңдегі тамақтану ерекшеліктері
Тамаша ауа райы мен күн жарығы біздің көңіл-күйімізді түйсікті түрде көтереді. Жылдың жылы мезгілінде біз үнемі үйден шыққымыз келіп тұрады, онда көптеген қызықты нәрселер бар: қалалық мерекелер, марафондар, концерттер! Сонымен қатар, көктем мен жаз – «бау-бақша фитнесі» кезеңі. Біз көп нәрсе істеп үлгеруіміз керек: отырғызу, түптеу, әдемі гүлзар жасау, өнімді жинап алу.
Бір жағынан, көктем мен жаз – бұл қосымша дене белсенділігі және қалыпқа келуге деген батыл серпін, екінші жағынан, мұнда да күтпеген кедергілер бар екенін ұмытпау керек. Сұңғақ дене бітімі мен жақсы хал-жайды сақтау үшін нені қадағалау керек, дейді Алмагүл Ержекенова, үйлесімді тамақтану мен салауатты өмір салты үшін сапалы өнімдерді әзірлеуге және өндіруге маманданған Herbalife компаниясының тамақтану жөніндегі сарапшысы.
Қатынасу!
Жылдың жылы мезгілінде әлеуметтік қарым-қатынасқа деген қажеттілігіміз артады. Бұған қолайлы ауа райы, демалыс, саяжайға бару және «жүз жылдан бері» көрмеген жолдаспен көшеде кездейсоқ кездесу себептеседі. Қатынасуға болады және қажет, бірақ Сіздің қатынасуыңыз рационды бұзуға немесе артық тамақтануға әкелмеуі керек!
Жылдың кез келген уақытында салауатты тамақтану барлық пайдалы қоректік заттарды – макронутриенттерді (ақуыздарды, майлар мен көмірсуларды) және микронутриенттерді (дәрумендер мен минералдарды) қамтуы керек. Сондықтан, тіпті күннің нұры төгілген қалалық кафе террассасында «тағы бір десерт, жақсы отырмыз ғой» деген ең жақсы идея болмауы мүмкін екенін ұмытпау керек.
Сонда тек жемістер мен көкөністер ме?
Тек солар емес, алайда маусымда олардан жақсы ештеңе жоқ! Көкөністер мен жемістерде біз үшін пайдалы жасұнық, дәрумендер мен минералдар бар, олар ішектің дұрыс жұмыс істеуін сақтай алады, иммунитетті күшейтеді және қартаюды бәсеңдетеді. Бірақ жемістер мен жидектердің құрамында фруктоза (көмірсулар) бар екенін есте ұстауымыз керек және егер оларды тым көп жесеңіз, бұл абдоминалды семіздікке әкелуі мүмкін. Ал іш аймағына май жиналса, бұл, өз кезегінде, метаболикалық синдромға әкелуі мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) күніне кем дегенде 5 порция, 400 г-ға тең, * әртүрлі жемістер мен көкөністер жеуге кеңес береді. Іс жүзінде бұл қандай көрінеді? Қараңыз:
Ішуді ұмытпаңыз!
Біздің өңірде мамыр айында ауа температурасы жиі 30 градус белгісінен асып кетеді, бұл сусыздануға әкелуі мүмкін. ДДСҰ сарапшылары күніне кемінде 1,5 литр су ішуге кеңес береді, бірақ олар мұның бәрі өте жеке дара және ауа райы жағдайына да, белгілі бір адамның денсаулығы мен дене белсенділігіне де байланысты екенін мойындайды.
Қалай болғанда да, мен Сізге сұйықтықсыз үйден шығуға кеңес бермеймін. Кәдімгі су немесе сүйікті шөптер мен жемістер қосылған су жарайды. Бірақ уақыт тапшы болса, мен өзіңізбен бірге дайын үйлесімді өнімді – Herbalife шығаратын Өсімдік сусыны Алоэны алып шығуды ұсынамын. Оның құрамында 200-ден астам пайдалы белсенді зат бар, ол сусызданудың алдын алып қана қоймай, сонымен қатар ас қорыту жүйесінің табиғи жұмысын сақтайды. Шөп шайлар сияқты басқа да өсімдік сусындарына назар аударуға болады.
Ақуыз есте болсын
Маңызды ұсыным: ешбір жағдайда ақуызды ұмытпау керек, өйткені тап осы макронутриент жылдың кез келген уақытында біздің бүкіл ағзамыздың құрылыс материалы болып табылады. Әрине, Сіз табиғатта аясындағы тұрақты кәуапқа сілтеме жасай аласыз, бірақ біз жануарлардың ақуызында біздің ағзамызға барлық жағдайда пайдалы бола бермейтін холестериннің бар екенін ескеруіміз керек.
Өсімдік ақуызын қосу арқылы рационды түрлендіру әлдеқайда жақсы, оның үстіне ол жақын жерде өседі! Өсімдік негізіндегі ақуыз көздеріне бұршақ тұқымдастар, жаңғақтар және тұтас дәнді дақылдар (мысалы, жүгері, тары, сұлы, бидай мен қоңыр күріш) кіреді.
Осының бәріне қайдан уақыт табамыз?
Айта кету керек, саяжайдың машақаты көп және мәзірді жете жоспарлауға әрдайым уақыт бола бермейді. Бірақ функционалды өнімдер сол үшін керек! Таңғы немесе кешкі асты, мысалы, Herbalife шығаратын протеин коктейлі Формула 1-ге ауыстырып көріңіз. Оның формуласы соңғы ғылыми әзірлемелерге негізделген, ал оны дайындауға небәрі екі минут кетеді.
Протеин коктейлі Формула 1 – Herbalife-тың 90-нан астам елдегі абсолютті бестселлері. Неге десеңіз, мысалы, Сіз өз талғамыңызға қарай коктейль таңдай аласыз – нәзік шоколад, ваниль, құлпынай, тропикалық жемістер және басқалар! Бірақ одан да маңыздысы, Формула 1-дің бір порциясының тамақтануды толығымен алмастыруында: оның құрамында 9 грамм жоғары сапалы соя ақуызы мен тағамдық талшықтардан бөлек, 26 маңызды дәрумен мен минерал бар, соның ішінде В6, В12, D мен C дәрумендері бар. Сонымен қатар, өнімде лактоза, глютен, жасанды хош иістендіргіштер жоқ, вегандар үшін толығымен жарамды.
Ал, егер де Сіз дәстүрлі мәзірге адал болып қалғыңыз келсе, мен Сізге протеин қоспасы Формула 3-ке назар аударуға кеңес беремін. Өсімдік ақуызынан басқа, оның құрамында сарысу ақуызы бар. Айран, табиғи йогурт, тұщы айран немесе қаймақ сияқты біздің сүйікті ашымал сүт өнімдеріндегідей. Бұл қоспаны сүйікті тағамдарыңызға қоссаңыз, олардың денсаулыққа пайдасы арта түседі, денеге ауырлық түсетін бағбандық кезеңде бұлшықет массасы күшейеді және ұзақ уақыт бойы тоқмейілдік сезімі сақталады.
Ақуызды, көмірсулар мен жасұнықты қамтитын толыққанды тамақтану ұзақ уақыт тоқмейілдік сезімін қамтамасыз етеді және Сізді, жақындарыңызды бүйірлерге жиналып қалу қаупі бар жоспарланбаған тіскебасарлардан немесе артық санды жемістерден сақтайды. Тағы бір қарапайым ереже – «ашықтық енгізу» және рационға көкөністер, жидектер, жемістер, шөптер, бұршақтар, жаңғақтар қосу. Бірақ ақылға қонымды мөлшерде! Осылайша біз ағзамызды дәрумендермен және минералдармен, жасұнықпен, фитонутриенттермен және ағзаны қорғайтын, ас қорытуды қолдайтын және иммунитетті күтетін көптеген пайдалы заттармен байытамыз.
*https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/healthy-diet