Herbalife командасы Алматы марафонының Экиден жарысында күміс еншіледі

Herbalife командасы Алматы марафонының Экиден жарысында күміс еншіледі

Оқиғалардан хабардар болыңыз

15.10.2024

IMG_3977.jpg
Herbalife командасы Алматы марафонын
ың Экиден жарысында күміс еншіледі

 

Herbalife компаниясының Экиден командасы Алматы марафонына қатысып күміс медаль еншіледі. Экиден қашықтығы, яғни эстафета марафонында 120 команданың ішінен Herbalife-тың белсенді өмір салтын ұстанатын әуесқой жандары жеңіске жету жолындағы ерік-жігерін көрсетіп, құрмет тұғырына шықты.

Биылғы жылғы жарысқа бірден екі экиден Herbalife командасы қатысты. Қызметкерлер бір ай бойы дайындалды. Бұған дейін Игорь Гончаров 10 шақырымдық екі марафонға қатысқан болатын, ал бұл жарысқа 12 ай бойы, аптасына үш рет 3-5 шақырым жүгіріп дайындалды.

Herbalife Қазақстан, Қырғызстан басшысы Игорь Гончаров: «Негізінен әркім бөлек-бөлек жүгіргісі келді. Бірақ көп екенімізді көргенде біз экиден командасына бірігіп кеттік. Барлығы жақсы жүгірді. Шағын тимбилдинг сияқты өтті. Қатысқан жандардың бәрі керемет әсер алды, келесі жылы да қатысамыз деп кетті».

 

Салмақты бақылау және салауатты өмір салты бойынша әлемдегі нөмірі бірінші бренд саналатын Гербалайф1 компаниясы үшін бұл оқиға корпоративтік құндылықтарға шын берілуді көрсетудің бір мүмкіндігі болды. Сондықтан қатысушылардың әрқайсысы бар күшін салды, сөйтіп Herbalife мәре сызығын екінші болып кесіп өтті.

 

«Herbalife Қазақстан» ЖШС Маркетинг бөлімінің басшысы Әсия Еркенова: «Дайындық кезінде біздің бренд амбассадорымыз Толқын Нұрышева көмектесті. Біз үшін бірнеше рет ашық жаттығулар өткізді. Оның кеңестері әрқайсымыздың жақсылап дайындалуымызға және қашықтыққа жүгіру кезінде сенімділікті сезінуге көмектесті».

Қырық жылдан аса уақыт бойы Herbalife әлемдік деңгейдегі спорттық іс-шараларды, командалар мен атлеттерді қолдап келеді. Криштиану Роналду 10 жыл бойы Herbalife компаниясының ресми амбассадоры болды. Қазақстанда бұл құрметті миссияны жеңіл атлетикадан Masters санатындағы Қазақстанның екі дүркін чемпионы Толқын Нұрышева мақтанышпен атқарып келеді.

Herbalife брендінің амбассадоры Толқын Нұрышева сұхбатында былай деді: «Өткен жылы мен экиден командасының жалғыз әйел капитаны болғанмын. Биыл маған кәсіби спортшылардан құралған Herbalife экиден командасын басқарып қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлер командасын марафонға дайындау ісін сеніп тапсырды».

Herbalife-тың Алматы марафонына қатысуы бұл корпоративтік философия мен салауатты өмір салтын ұстану жай ғана сөз емес, нақты іс пен әрекет екенінің дәлелі болды.


1
 Дереккөз: Euromonitor International Limited; 2022 жылғы Consumer Health сәйкес, салмақты бақылау мен салауатты өмір салтына арналған өнімдер санатында; жаһандық бренд иелері бойынша құн түріндегі бөлшек сауда үлесінің жиынтық %-ы, 2023 жылғы деректер

 

Өтінім қалдыру