15.10.2024
Баспасөз релизі
Herbalife рекорд орнатты
GUINNESS WORLD RECORDS™
Бүкіл әлем бойынша 4 900-ден астам фитнес әуесқойлары қарқындылығы жоғары интервал жаттығуларына қатысты
Фотосурет: Herbalife қоғамдастығының бүкіл әлем бойынша 4 900-ден аса Тәуелсіз серіктестері мен қатысушылары жаңа әлемдік рекорд орнатуға қатысты
Лос-Анджелес, Калифорния — 2024 жылдың 3 қазаны – Теңдестірілген тамақтану және салауатты өмір салтын ұстанатын жетекші қоғамдастықтардың бірі «бірнеше алаңдарда өткізілген, ең көп адам қатысқан қарқындылығы жоғары интервал жаттығулары» санатында GUINNESS WORLD RECORDS жаңа рекордын орнатып, тарихқа енді. Іс-шара салауатты және белсенді өмір салты тақырыбының маңызды екенін бүкіл әлем жұртшылығына паш ету үшін 4 900-ден астам тәуелсіз Herbalife серіктестері мен фитнес әуесқойларының басын қосты.
2024 жылдың 21 қыркүйегінде Лас-Вегастан тікелей эфир арқылы көрсетілген Дүниежүзілік Herbalife жаттығуына YouTube трансляциясы арқылы бірнеше елден 11 000-нан аса қатысушы қосылды. Сонымен қатар әр мемлекеттегі Herbalife тәуелсіз серіктестері АҚШ-тағы Galaxy паркі, Мексикадағы Олимпиада комитетінің ғимараты, Үндістандағы Мумбаи конгресс орталығы сияқты жерлерде өздерінің спорттық іс-шараларын өткізді.
Herbalife-тың Оқыту жөніндегі вице- президенті Луиджи Граттон: «Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналып, дене шынықтыру жаттығулары, пікірлес қоғамдастық және жақсы нәрсеге ұмтылу арқылы керемет нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсеттік», - дейді. «Дүниежүзілік Herbalife жаттығуларының жетістігі біздің тәуелсіз серіктестеріміздің еңбегінің, адамдар өз өмірлерін жақсы жаққа өзгертетін қоғамдастықтар құруға деген ұмтылысының дәлелі. Бұл бастама арқылы біз қолайлы атмосфераны қалыптастыру, жалпы жағдайымызға қамқор болу арқылы таңғажайып нәрселерге қол жеткізе алатынымызды көрсеттік, соның бірі – жаңа әлемдік рекорд орнаттық».
GUINNESS WORLD RECORDS ресми судьясы Бриттани Данн Herbalife компаниясы «бірнеше алаңдарда өткізілген, ең көп адам қатысқан қарқындылығы жоғары интервал жаттығулары» санатында жаңа әлемдік рекорд орнатқанын растады. Іс-шараға 4 916 қатысушы қосылды. Алдыңғы рекордты орнатуға 3840 адам қатысқан болатын.
Жаттығу аясында Herbalife Family Foundation қорының Casa Herbalife бағдарламасына арналған жаһандық қаражат жинау ұйымдастырылды. Компания бүкіл әлем бойынша мұқтаж балаларды тамақтандыруға көмектесетін осы бағдарламаны қолдау үшін $40 000 доллар бөлді.
Дүниежүзілік жаттығу Herbalife теңдестірілген тамақтану философиясының қағидаттарын насихаттау және тұтынушыларға жеке қолдау көрсету арқылы өз қоғамдастықтарын қолдайтын Herbalife тәуелсіз серіктестерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Көптеген қатысушылар жаттығуға қатысу үшін және өздерін қалпына келтіру үшін Herbalife24® желісіндегі өнімдерді, соның ішінде Herbalife амбассадоры Криштиану Роналдумен бірлесіп әзірленген CR7 Drive1 спорттық сусынын және бұлшықетті қалпына келтіруге арналған «Күшті қалпына келтіру» ақуыз формуласын пайдаланды.
2015 жылы Herbalife 24 сағат ішінде бірыңғай бағдарлама бойынша орындалған ең көп адам қатысқан қарқындылығы жоғары интервал жаттығуларының (HIIT) ұйымдастырушысы ретінде GUINNESS WORLD RECORDS рекордын орнатты. Сондай-ақ компания Лос-Анджелес орталығындағы LA Live Plaza-да 4000-ға жуық адамды бір жерге жинап, қарқындылығы жоғары интервал жаттығуларына қатысқан адам саны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты.
Дүниежүзілік Herbalife 2024 жаттығуларының жарқын сәттерін көру үшін әлеуметтік желілердегі @Herbalife парақшасына кіріңіз.
Herbalife Ltd. компаниясы туралы
Herbalife (NYSE: HLF) – бұл салауатты өмір салты қоғамдастығы мен платформасы, 1980 жылдан бастап теңдестірілген тамақ өнімдері мен тәуелсіз серіктестерінің бизнес мүмкіндіктері арқылы адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертіп келе жатқан жетекші компаниялардың бірі. Компания соңғы ғылыми жетістіктерге негізделген жоғары сапалы өнімдерін 90-нан астам нарықта ұсынып келеді. Herbalife өнімдерін насихаттау арқылы Тәуелсіз серіктестер адамдардың өмірлерін жақсы жаққа өзгертетін қоғамдастықтар құруда. Қосымша ақпарат алу үшін www.Herbalife.com сайтына кіріңіз.
Herbalife Family Foundation қоры туралы
Herbalife Family Foundation («HFF») қоры бүкіл әлемдегі адамдар мен қоғамдастықтардың өмірін жақсартуға арналған. Тағамның қолжетімділігін арттыруға және аштықты жоюға баса назар аудара отырып, HFF жетекші жергілікті және халықаралық ұйымдармен жұмыс істейді. HFF туралы және Қордың маңызды жұмысын қалай қолдауға болатындығы туралы қосымша ақпаратты herbalifefamilyfoundation.org сайтынан таба аласыз.