08.06.2023
Саналы тұтыну немесе тағам қалдықтарын азайтудың және планетаға көмектесудің 5 жолы
Әлемде тамақтың 30% тасталады. Бұл адамдар жеуге болатын мөлшерден көп тамақ сатып алатындықтан немесе тауарлардың жарамдылық мерзімі дүкенде тұтынушыға жетпей тұрып аяқталатындықтан болады. Нәтижесінде планетадағы тағам қалдықтарынан бөлінетін парник газдарының үлесі шамамен 10% құрайды. Ал егер тағам қалдықтары бір ел болса, ол парник газдары шығарындыларының көлемі бойынша әлемде Қытай мен АҚШ-тан кейін үшінші орында болар еді.
Бүкіл әлем 5 маусымда атап өтетін Қоршаған ортаны қорғау күні Алмагүл Ержекенова, Herbalife компаниясының тамақтану жөніндегі сарапшысы саналы тұтынудың не екенін түсіндіреді және рационыңызды қалай мейлінше экологиялық етуге болатыны туралы 5 қарапайым кеңес береді.
Саналы тұтыну дегеніміз – нені және қандай мөлшерде сатып алатынымызға жауапкершілікпен қарау. Өнімнің қалай өндірілгенін, оның қолдану уақытын және жойылғаннан кейін онымен не болатынын ескеру қажет. Әрқайсымыз тәулігіне 1 келіге жуық тұрмыстық қалдықтар тастаймыз, ал оның едәуір бөлігін тағам қалдықтары құрайды. Сондықтан әңгімені солардан бастауды ұсынамын.
1. Алдын ала жоспарлаңыз
Дүкенге барар алдында азық-түлік тізімдерін жасауды әдетке айналдырыңыз – бұл қадам артық ақша жұмсаудан және қажетсіз заттар сатып алудан сақтайды. Апта бойына отбасылық ас мәзірі болсын немесе достармен бас қосуға арналған мерекелік дастархан болсын, алдын-ала жоспарлау арқылы сіз өзіңіз дайындайтын барлық тағамдардың желінетініне сенімді бола аласыз.
2. Экологиялық өнімдерге артықшылық беріңіз
Ет және сүт өнімдерін өндіру барысында пайда болатын парник газдары әлемдік шығарындылардың шамамен 14,5% құрайды. Сондықтан жануар ақуыздарының аз ғана бөлігін өсімдік ақуыздарымен алмастыру қоршаған ортаға ұзақ мерзімді оң әсер етуі мүмкін.
Мысалы, сояда адам ағзасы өздігінен шығара алмайтын тоғыз маңызды амин қышқылының барлығы бар, сондай-ақ сиыр етіне, жұмыртқаға немесе сүтке қарағанда аудан бірлігіне көбірек ақуыз өндіреді. Сонымен қатар, бұл дақылды өндірудің экологиялылығы жоғары, өйткені ол жануарлардан алынатын тағамдарға қарағанда суды аз қажет етеді және көміртекті аз бөледі.
3. Тамақты порцияларға бөліңіз
Тамақты бір үлкен табақта дастарханға қоюдың орнына бірден порцияларға бөліңіз. Дастархан басында отырғандар өздеріне тамақ салғанда, олар көбінесе табағына өздері жей алатын мөлшерден көп салады. Ал қалып қойған тамақ амалсыз қоқыс шелегіне тасталады.
4. Сыртқы түр – жарамдылық мерзімі емес!
Өнімдер аздап қызықсыз көрінсе де, оларды тамаққа пайдалануға болады. Мысалы, жұмсарған қызанақтардан тұздық, ал «мұңайып қалған» банандардан смузи жасауға болады, солғын көкөністерді сорпаға немесе қуырдаққа қосыңыз.
5. Функционалды өнімдерге назар аударыңыз
Функционалды өнімдер – бұл дәрумендер, минералдар мен ақуыздар сияқты пайдалы заттардың жоғары концентрациясы бар азық-түлік. Әдетте, олар өсімдік ингредиенттеріне негізделген, яғни оларды пайдалану арқылы сіз өзіңіздің хал-жағдайыңызды сақтап қана қоймай, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтасыз.
Мысалы, Herbalife өндіретін Формула 1 желісінің протеин коктейлімен таңғы немесе кешкі асты толыққанды алмастыруға болады, бұл әсіресе тамақ дайындауға уақыт болмаған кезде өте қолайлы. Сусынның негізін жоғары сапалы соя ақуызы құрайды, онымен қоса құрамына тағамдық талшықтар мен жиырмадан астам маңызды дәрумендер мен минералдар кешені кіреді, соның ішінде B 6, B 12, D және C дәрумендері. Небәрі 2 минутта дайындалады.
Тағам қалдықтарының көлемін азайту – адамның қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту жолындағы маңызды қадам. Бірақ біз одан әріге бара аламыз! Міне, саналы тұтыну жолын таңдаған адамға пайдалы болатын тағы бірнеше «лайфхак»:
• Пластик қораптар, пакеттер, қағаз стақандар мен сусынға арналған түтікшелер сияқты бір рет қолданылатын қаптамалардан бас тартыңыз. Өзіңізге экологиялық материалдан жасалған көп реттік шоппер-сөмке мен өзіңізбен алып жүруге болатын кофеге арналған әдемі тубус сатып алғаныңыз жөн.
• Өз сыйымдылығыңызға өлшеп салуға болатын азық-түлікті сатып алуға артықшылық беріңіз. «Нөлдік қаптама» дүкендері - бұл әлемдік тренд және олар күн сайын көбейіп келеді.
• Ауданыңыздан қалдықтарды бөлектеп жинау бекеттерін табыңыз, ал үйдегі қоқыс себетінің жанына пластик, қағаз, шыны, батареялар және бөлек тапсырғыңыз келетін басқа да материалдарға арнайы контейнерлер қойып қойыңыз.
• Гардеробыңызды қарап шығыңыз, ескі киімдеріңізді қайта өңдеуге беріп, капсулалық киімдердің жаңа жинағын жасаңыз – жылына бір рет киетін 30 футболканы және он екі джинс шалбарды шаң бастырғанша, 10 базалық заттан тұратын күнделікті киім-кешекті іріктеп алыңыз.
• Аптасына кемінде бір рет жеке көлігіңізді пайдаланудан бас тартыңыз. Қоғамдық көлікті жақтырмасаңыз, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін велосипедті немесе скутерді пайдалануға болады, осылайша планетаға көмектесе аласыз. Көбірек жүріңіз!
• Тіс тазалау кезінде суды өшіруді ұмытпаңыз, ешкім жоқ бөлмелерде жарықты сөндіріп жүріңіз.
Саналы тұтыну бүкіл әлемде экологиялық апаттың ауқымын азайтуы мүмкін, ал оны күнделікті өмірде жүзеге асыру әр адамның жеке таңдауы және жеке жауапкершілігі болып табылады. Өз келешегі мен болашақ ұрпақтарға таза планета қалдыру үшін жауапкершілігі.
Саналы тұтыну бүкіл әлемде экологиялық апаттың ауқымын азайтуы мүмкін, ал оны күнделікті өмірде жүзеге асыру әр адамның жеке таңдауы және жеке жауапкершілігі болып табылады. Өз келешегі мен болашақ ұрпақтарға таза планета қалдыру үшін жауапкершілігі.