08.02.2021
Herbalife Nutrition компаниясының өнімдері Қазақстандағы жыл сайынғы 2020 №1 Жыл таңдауы халықаралық фестивалінде құрмет медаліне ие болды.
2020 жылы «Қазақстандағы №1 Салмақ түсіру және бақылау бағдарламасы» номинациясында теңгерімді тамақтану саласындағы әлемдік сарапшының екі өнімі – Herbalife Nutrition Формула 1 Протеинді коктейлі және Формула 3 Протеинді қоспасы жеңіске жетті. Бұл клиникалық тиімділігі дәлелденген салмақ түсіру бағдарламасының негізгі компоненттері [1].
Дәстүрлі түрде №1 Жыл Таңдауы халықаралық фестивальдің міндеті тұтынушыларға артықшылық беретін патенттелген зерттеуді және тауарлар сапасын сараптамалық бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстандағы үздік өнімдер мен қызметтерді анықтау болып табылады. Барлық қатысушы-номинанттардың өнімдері мұқият іріктеуден өтеді. Алдымен конкурс ұйымдастырушылары тұтынушыларға әлеуметтік сауалнама жүргізеді. Сонымен қатар, сарапшылар кәсіби тәжірибеге және сараптама нәтижесіне сүйене отырып, әр номинантқа өз бағасын береді. Жоғары қазылар алқасы алынған деректерді зерттейді және бір-бірінен тәуелсіз дауыс береді. Осылайша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасы ақуыз коктейлі дәмінің алуан түрлілігін ерекше атап өтті. Олардың 11 түрі бар - шоколадтан тауық сорпасына дейін.
«Формула 1 Протеинді коктейлі бірнеше жыл қатарынан «Жыл таңдауына» қатысады және жеңіп келеді» – деп «Гербалайф Қазақстан» ЖШС бас директоры Эльвира Болотова атап өтті. Осындай жоғары баға алу және тұтынушыларға танымал болу біз үшін үлкен қуаныш! Бұл шын мәнінде, біз мақтан тұтатын өнім. Ол сапаны бағалайтын, сымбатты болғысы келетін және нәтижесінде белсенді болғысы келетіндердің барлығына жасалған. Herbalife Nutrition компаниясы, салмақты түсіруге арналған өнімдер санатындағы әлемдегі №1 бренд [2], қазақстандықтарға жоғары сапалы өнімдер ұсына отырып, дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруға, жеке көзқарасқа, жеке кеңестер беруге және салауатты өмір салтын қолдауға шабыттандыруға көмектеседі. Бұл компанияның 40 жылдық мерейтойы жылында болғанына біз өте қуаныштымыз.»
[1] Формула 1 Протеинді коктейль мен Формула 3 Протеинді қоспаны пайдалана отырып, 90 адамның қатысуымен ұзақтығы 6 ай клиникалық сынақтар. Маусым 2011 ж., РМҒА Тамақтану ҒЗИ, Мәскеу
Көзі: Euromonitor International Limited, Consumer Health 2017. Салмақты түсіруге және денсаулыққа арналған өнімдер санаттарының анықтамаларына сәйкес; 2016 жылғы мәліметтер бойыеша бөлшек саудамен көрсетілген сату құны
[2] Көзі: Euromonitor International Limited, Consumer Health 2017. Салмақты түсіруге және денсаулыққа арналған өнімдер санаттарының анықтамаларына сәйкес; 2016 жылғы мәліметтер бойыеша бөлшек саудамен көрсетілген сату құны