Тартылыңыз! Демалысқа дайындық бойынша кеңестер

1.06.2022 197 0
(0 дауыс)

Тартылыңыз! Демалысқа дайындық бойынша кеңестер

Тартылыңыз! Демалысқа дайындық бойынша кеңестер

Демалыс қарсаңында бұлшықеттеріңізді уақытында ширықтырмағаныңызға өкінесіз бе? Рухыңыз түспесін. Қарапайым физикалық жүктемелер мен үйлесімді тамақтану денебітіміңізді ең қысқа мерзімде өзгертуге көмектеседі.

Денені жағажай маусымына экспресс дайындау

Тіпті үйдегі жаттығулар тұла-бойыңызды жып-жинақы етеді. Ал дұрыс таңдалған рацион жүктемелердің әсерін күшейтеді.

Күніне бес тиімді жаттығу*

Тақтайша. Екпеттеп жатыңыз, аяқтар иық көлемінде, қолдар иықтарға қарама-қарсы. Аяқтарыңыздың ұшына және созылған қолдарыңызға сүйеніп тұрыңыз. Денеңізді домбыраның ішегіндей керіңіз. Күшіңіз жеткенше осы қалыпта тұрыңыз.

Шалқалап жатып, аяқтарды көтеру. Көтерген кезде аяқтарды мүмкіндігінше түзу ұстау керек. Жаттығу іш бұлшықеттерін тиімді түрде іске қосады.

Көпір. Жаттығу дене құрысын жазып алғаннан кейін орындалады. Бастапқы қалып – шалқалап жатыңыз, қолдарыңызды иықтарыңыздан жоғары қойыңыз, шынтақтарыңыз төбеге қарайды. Аяқтарыңыз тізеден бүгілген, иықтардың енінде. Денеңізді бел тұсынан бүгіңіз, сосын бір уақытта қолдарыңызбен және аяқтарыңызбен көтеріліңіз. Жаттығуды қиындату үшін бір аяқты көтеруге болады.

Жүрелеп отырып-тұру. Аяқтар иықтардың енінде, қолдар алда. Сандарыңыз еденге параллель болғанша жүрелеп отырып-тұрыңыз. Көтерілген кезде аяқтарыңыздың ұшымен тұрыңыз, қолдарыңызды жоғары көтеріңіз.

Балтыр бұлшықеттерін күшейту. Шалқалап жатқан күйіңізде аяқтарыңызды тізеден бүгіңіз, қолдарыңызды дене бойымен созыңыз. Сол аяғыңызды еденге параллель көтеріңіз, содан кейін жамбасыңызды көтеру үшін оң аяғыңызды пайдаланыңыз. Жоғарғы нүктеде ұстап тұрыңыз, бастапқы қалыпқа түсіңіз.

Herbalife Nutrition-мен үйлесімді рацион

Herbalife Nutrition-нің өнімдері күнделікті үйлесімді тамақтанудың негізі бола алады.

«Лимонды» протеин таяқшасы физикалық жүктемелер кезінде протеиннің қосымша көзі болады. Таяқшаның құрамында 10 г табиғи ақуыз бар, ол оған деген тәуліктік қажеттіліктің 14%-ын өтейді 3.

Таңқурай дәмді  шөп сусыны. Құрамында қара және көк шайдың, құлқайыр, кардамон тұқымдарының сығындылары және гибискус гүлінің ұнтағы бар. Бұл элементтер антиоксиданттық қорғанысты арттырады. Сонымен қатар, сусынның құрамына кофеин кіреді. Ол физикалық жүктемелерге қажетті энергияны сақтауға көмектеседі 4.

Herbalife Nutrition-нің Персоналды кеңесшісі жылдың кез келген уақытында денені тонуста ұстауға көмектесетін тамақтану және жаттығу бағдарламасын жасайды.

* Физикалық жүктемелер тәртібін өзгертпес бұрын маманмен кеңесу ұсынылады.

Дереккөздер тізімі

1. Park DJ, Park SY. Which trunk exercise most effectively activates abdominal muscles? A comparative study of plank and isometric bilateral leg raise exercises. J Back Musculoskelet Rehabil. 2019. URL: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/30856100/ (жүгіну күні: 2022.12.07).

2. Oliver GD, Stone AJ, Plummer H. Electromyographic examination of selected muscle activation during isometric core exercises. Clin J Sport Med. 2010 Nov. URL: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/21079441/ (жүгіну күні: 2022.12.07).

3. Herbalifekazakhstan.com: «Лимонды» протеин таяқшасы // URL: https://herbalifekazakhstan.com/catalog/proteinovyy-batonchik-limonnyy/ (жүгіну күні: 2022.12.07).

4. Herbalifekazakhstan.com: Таңқурай дәмді  шөп сусыны. // URL: https://herbalifekazakhstan.com/catalog/travyanoy-napitok-malina-50-g/ (жүгіну күні: 2022.12.07).
Herbalife
Александра Сергеевна Вишневская
Мақаланы бағалаңыз:
(0 дауыс)


Өтінім қалдыру