Niteworks өнімін клиникалық зерттеу

Niteworks өнімін клиникалық зерттеу

2010 жылғы сәуірде Лос-Анджелесте Niteworks тиімділігін зерттеу аяқталды. Аргинин ересек велосипедшілерге спорттық нәтижелерін арттыруға көмектесті.

50 жастан жоғары әуесқой-велосипедшілер құрамында аргинин бар өнімді үш апта қабылдау нәтижесінде өздерінің спорттық көрсеткіштерін жақсартты - мұндай нәтижелерге мамандар «Халықаралық спорттық тамақтану қоғамында» (International Society of Sports Nutrition) жарияланған зерттеу барысында қол жеткізді.

"Жас ұлғайған сайын адамның дене жүктемелерге төзімділігі төмендейді, бұл күнделікті белсенділіктің төмендеуіне алып келеді, ал кейін өмір сүру сапасына кері әсер етеді" - деп атап өтті Herbalife компаниясының медициналық мәселелер және білім жөніндегі вице-президенті Луиджи Граттон.

50 жастан 73 жасқа дейінгі еркектер арасындағы 16 велосипедші 2 топқа бөлінді. Бірінші топ құрамында 5,2 грамм L-аргинин бар тағамға биологиялық белсенді қоспаны (Herbalife компаниясының Niteworks өнімін) қабылдады. Екінші топ плацебоны (сыртқы түрі бірінші топтың өніміне ұқсайтын, бірақ құрамында белсенді қоспасы жоқ) қоспаны қабылдады. Екі топ та әуесқой-велосипедшілер зерттеу жүргізілген 3 апта бойы қалыпты режимде жаттықты.

Белгіленген уақыт өткеннен кейін құрамында L-аргинин бар тағамға биологиялық белсенді қоспаны қабылдаған топ қатысушыларында анаэробты шектің жоғары деңгейі анықталды, яғни ондағы лактат (сүт қышқылының тұзы) шаршауға алып келумен қанда жиналады.

"Аргинин ағзада азот оксидінің бөлінуіне қатысады, - дейді профессор, Нобелев сыйлығының лауреаты және Niteworks өнімінің негізін қалаушының бірі Луи Игнарро - Ал азот оксиді дене жүктемелерін орындау кезінде көрсеткіштердің жақсаруына әсер етеді, себебі қан тамыр жүйесіне қолайлы әсер етеді.

Жас ұлғайған сайын ағзадағы азот оксидінің бөлінуі азаяды, сондықтан зерттеушілер, аргининді қабылдау азот оксидінің тиімді деңгейде бөлінуін қамтамасыз етеді және дене жүктемесінің өнімділігін арттырады деп болжады. Зерттелген қатысушылардың анаэробты шегін 3 аптаға жалғасқан зерттеуге дейін және кейін бағалады. Құрамында аргинин бар тағамға биологиялық белсенді қоспаны қабылдаған қатысушыларда бірінші аптадан кейін анаэробты шектің мәні 16,7% артты және осы деңгейде зерттеудің бүкіл мерзімінде сақталды. Плацебоны қабылдаған екінші топтағы қатысушылардың анаэробты шегі ешқандай өзгерістерге ұшырамаған.

"Осылайша зерттеу нәтижелері аргининнің егде жастағы адамдардың жұмыс істеу қабілетін арттырудағы әлеуетті қызметін дәлелдеді, - дейді Граттон - Бұл белсенді өмір сүру мүмкіндігін білдіреді".

Niteworks өнімі 1998 жылы азот оксидінің жүрек-қан тамыр жүйесіне әсерін зерттеу бойынша жұмысы үшін Нобелев сыйлығын алған профессор Луи Игнарроның зерттеулері негізінде жасалды. Луи Игнарро Herbalife Ғылыми-консультациялық кеңесінің мүшесі болып табылады.


Өтінім қалдыру