Herbalife
— салауатты өмір салты индустриясында қызметін жүзеге асыратын халықаралық корпорация. 1980 жылдан бері теңгерімді тамақтану, салмақты бақылау және дербес күтім жасау үшін өнімдердің кең спектрін тікелей сатылым әдісімен әзірлейді және жүзеге асырады. Компания өнімдері өзінің негізінде диетология және нутрициология саласындағы озық ғылыми әзірлемелерге ие. Олар Ресей мен ТМД елдерін қоса алғанда, әлемнің 80 астам елінде Тәуелсіз Серіктестер желісі арқылы сатылады. Herbalife акцияларының Нью-Йорк қор биржасында (NYSE: HLF) бағалары белгіленеді.
Сапа
Herbalife өнімдер сапасын өзінің негізгі міндеттемесі деп санайды. Өнімдердің формулаларын құру, тестілеу және жетілдіру үшін Herbalife Ғылыми орталығының қызметкерлері Herbalife Ғылыми-консультациялық кеңесті құрайтын тәуелсіз сарапшылар тобымен бірігіп әрекет етеді. Кеңестің құрамына әлемнің әртүрлі елдерінің жиырмадан астам беделді ғалымдар кіреді, соның ішінде проф. Дэвид Хибер, Калифорния университетіне (UCLA) қарасты Адам тағамтану орталығының басшысы, Нобелев сыйлығының лауреаты проф. Луи Игнарро, спорттық медицина жөніндегі маман Луиджи Граттон, диетолог, терапевт, бірінші санатты гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының кандидаты Александр Мартынчук және басқалар.
Өнімдерді сертификаттау
Herbalife өнімдері таратылатын барлық елдердің заңнама талаптарына сәйкес сертификатталған. Ресейде сатылатын өнім GMP стандартына сәйкес (Адал Өндіріс Қағидасы) АҚШ, Еуропа, Бразилия мен Қытай елдерінің сертификатталған өндірістерінде өндіріледі. Herbalife биолгиялық белсенді қоспалары бірнеше зертханалардың қатысуымен әзірленеді және зерттеледі. 2003 жылы Herbalife Лос-Анджелес, Калифорния университетіне (UCLA) қарасты Адам тағамтану орталығына адам тағамтануы туралы ғылым саласындағы одан әрі зерттеулер жүргізу үшін Марк Хьюздың жасушалы және молекулярлық тағамтану зертханасын құруға грант бөлді. РМҒА Тағамтану ҒЗИ клиникасы базасында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері Herbalife «Формула 1» және «Формула 3» өнімдерін қолданумен салмақты азайту бағдарламасы стандартты төмен калориялы диетамен салыстырғанда майлы дене массасын азайту, бел орамын қысқарту үшін өте тиімді екендігін, сондай-ақ, арықтаудың ыңғайлы процесін, соның ішінде тоқтықты және аштық сезімінің болмауын қамтамасыз ететіндігін растады. Зертеу нәтижелері бойынша осы өнімдер Ұлттық Диетологтар және Нутрициологтар Қауымдастығымен мақұлданды. Ресейде Herbalife офисі 1995 жылы ашылды. Ресейде Herbalife өнімдері РФ Денсаулық Сақтау министрлігіне қарасты Федералды сертификаттау орталығымен, РФ Мемлекеттік санитарлық-Эпидемиологиялық Қызметімен, РМҒА Тағамтану институтымен, Ростестпен және басқа да ұйымдармен сертификатталған.
Herbalife Тікелей Сатылым Қауымдастығының Дүниежүзілік Федерациясы және Ресейлік Тікелей Сатылым Қауымдастығы сияқты 70 астам ғылыми, өнеркәсіптік және қоғамдық ұйымдардың қатысушысы болып табылады. Herbalife Халықаралық диеталық/тағамдық өнімдерді өндірушілер альянсының (IADSA), Еуропалық жауапты тағамтану альянсының (ERNA) және Салауатты тағамтану кеңесінің (CRN) негізін құрушылардың бірі. Сонымен қатар Ресейде Herbalife ББҚ Өндірушілердің Коммерциялық емес Серіктестігінің, Ұлттық Диетологтар және нутрициологтар қауымдастығының (НАДН) қатысушысы болып табылады.
Спорттық серіктестік
2008-2016 жылдары Herbalife халықаралық және аймақтық ауқымдағы 150 астам спорттық шаралардың демеушісі ретінде әрекет етеді. Herbalife қолдау көрсететін 150 кәсіпқой спортшылардың арасында «Реал Мадрид» испания клубының және футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду және басқалар сияқты спорт жұлдыздары бар. Herbalife компаниясы - Жоғары лиганың «Лос-Анджелес Гэлэкси» (АҚШ), «БАТЭ» (Беларусь) және «Шахтер» (Украина) футбол командалары сияқты жарқын брендтерді қамтитын, 25 астам әлемнің жетекші футбол клубтарының тағамтану бойынша демеушісі. 2016 жылдан бастап Herbalife елшілері халықаралық деңгейдегі спортшылар және олимпиада чемпиондары Алексей Ягудин мен Татьяна Тотьмянина, Максим Траньков мен Татьяна Волосожар, Вик Уайлд пен Алена Заварзина болып табылады.