«Мен саған көмектесемін»: салауатты өмір салты жолында серігіңе қалай қолдау көрсету керек

29.06.2022 192 0
(0 дауыс)

«Мен саған көмектесемін»: салауатты өмір салты жолында серігіңе қалай қолдау көрсету керек

«Мен саған көмектесемін»: салауатты өмір салты жолында серігіңе қалай қолдау көрсету керек

Отбасы тарапынан қолдау – бұл адамды керемет жетістіктерге ынталандыратын қуат. Қалай жақын адамыңыздың шын тірегі болуға және оның мақсатына жетуге көмектесуге болады?

Серігіңізге көңіл бөліңіз

Жоспарланған нәтижеге жету жолында әркім фрустрацияға ұшырауы мүмкін. Психологияда бұл термин адамның белгілі бір тапсырманы орындау барысында еңсерілмейтін (оның ойынша) кедергіге тап болған жағдайын білдіреді. Көп жағдайда, ол көңіл қалушылық, сенімсіздік, алаңдаушылық, апатия сияқты жағымсыз эмоциялардың кең ауқымын бастан кешіреді.

Мәселені шешудің бір жолы – сырттан қолдау көрсету. Сондықтан серігіңізде фрустрация белгілерін байқасаңыз, сіздің көмегіңіз қажет екеніне күмәніңіз болмасын.

Қандай қолдау түрін таңдау керектігін қарастырыңыз

Сіз серігіңізге жұмсақ немесе белсенді түрде қолдау көрсете аласыз.

●     Жақын адамыңызға қажеттіліктер туралы есіне салыңыз. Мұндай психологиялық қолдау мотивациялық деп аталады.

●     Ода позитивті ойлауды қалыптастырыңыз, өзін-өзі бағалауын арттырыңыз (когнитивті қолдау).

●     Негативтерді оң эмоцияларға айналдырыңыз – эмоционалды қолдау.

●     Әлеуметтік ортаға бейімделу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға көмектесіңіз – мінез-құлық қолдауы.

Қолдау деңгейлері неғұрлым көп болса, нәтиже соғұрлым тиімді болады.

Қолдау жоспарын жасаңыз

Серігіңіздің ниетін сөзбен ғана емес, іспен де күшейтуге болады.

Салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын бірге ұстаныңыз. Бүкіл отбасыңызбен зиянды өнімдерді пайдаланудан бас тартыңыз, бірлескен жаттығуларды немесе серуендерді жоспарлаңыз. Бірге жеткен табыс, бірге танытылған физикалық белсенділік нәтижеге жетуге және эмоционалды түрде жақындасуға көмектеседі.

Әртүрлі үйлесімді тағамдарды дайындаңыз. Herbalife Nutrition-нің каталогінен салауатты өмір салтының қағидаларына сәйкес дәмді рецепттердің топтамасын табасыз.

Оң өзгерістерді байқаңыз. Оларды дауыстап айтуды, суретке түсіруді немесе дәптерге жазуды ұмытпаңыз.

Herbalife Nutrition-нің Персоналды кеңесшісіне бірге хабарласыңыз. Одан құнды кеңестер мен мотивация қуатын ала аласыз және кез келген толғандыратын мәселелерді талқылай аласыз.

Серігіңізге көңіл бөліңіз, оның көңіл-күйін және шын қажеттіліктерін сезінуге тырысыңыз. Қолдауыңыз бірден нәтиже бермегенін көрсеңіз, берілмеңіз. Кез келген жағымды сәтті ескеруді үйреніңіз. Есіңізде болсын: жолы ұзақ әрі қиын жерге көбінесе шағын қадамдармен жетеді.

* Физикалық жүктемелер тәртібін өзгертпес бұрын маманмен кеңесу ұсынылады.

Herbalife
Александра Сергеевна Вишневская
Мақаланы бағалаңыз:
(0 дауыс)


Өтінім қалдыру