мазмұны:
Қазір тыныс алу гимнастикаларының сан алуан түрлері бар. Көбінесе олар алаңдаушылық, қобалжушылық, тіпті дүрбелең шабуылдарымен күресу үшін қолданылады. Бірақ дұрыс тыныс алу салмақ тастауға да көмектеседі. Бұл жағдайда ең тиімдісі қосымша жүктемелер мен ойластырылған рацион болмақ. Herbalife Nutrition-нің Персоналды кеңесшісі жеке фитнес мақсаттарыңызға сәйкес келетін өнімдерді таңдауға көмектеседі.
Ол қалай әсер етеді?
Майдың көп бөлігінің тыныс алу кезінде денеден көмірқышқыл газ түрінде кететінін аз адам біледі. Бұл термодинамика процестеріне байланысты. Дене оттегімен қаныққан кезде май тінін құрайтын триглицерид молекулаларының тотығу процесі жүреді. Бұл процесте май су мен адам демімен шығатын көмірқышқыл газға ыдырайды. Дұрыс тыныс алу бұл процесті оңтайландырады.
Тыныс алу гимнастикасының денеге тағы қандай әсері бар?
Арнайы тыныс алу жаттығуларын дұрыс орындау дененің бүкіл бұлшық еттеріне аздап тонус берудің тиімді әдісі болып табылады. Арнайы жаттығулар жиынтықтарын жүйелі түрде орындау арқылы метаболизм жақсарады, сыртқы теріс факторлардың әсері азаяды. Терең тыныс алу кеуде бұлшықеттерін, кеуде қуысының бұлшықеттерін нығайтуға көмектеседі және алаңдаушылықты азайтады.
Дегенмен, тыныс алу машықтары – тиімді салмақ тастау процесінің бір бөлігі ғана. Барлық қоректік заттардың, әсіресе ақуыздың теңгерімін сақтау қажет.
Протеиннің қажетті мөлшерінің бөлігін Ваниль дәмді Формула 1 протеин коктейлінен алуға болады 1 .
Тыныс алу жаттығуларының мысалдары
Тыныс алу жаттығулары жеңіл физикалық белсенділікпен жақсы үйлеседі.
● Кеудеңізді көтеріп, прессіңізді тырыстырыңыз, баяу дем шығарыңыз. Шамамен 5 қайталау жасаңыз. Содан кейін прессіңізді босаңсытып, ішіңізді дөңгелете дем тартыңыз. Жаттығуға шамамен 2 минут бөліңіз.
● Ұқсас жаттығуларды орындаңыз, бірақ дем тарту мен шығаруды тезірек жасаңыз. Пресс бұлшық еттерін тез тырыстырып, босаңсытып, көбірек қарқындылықпен тыныстаңыз. Жаттығуды шамамен 2 минут жасаңыз.
● Шалқаңызбен жатыңыз. Орташа кенет және терең дем тартқанда, аяғыңызды кеудеңізге тартыңыз. Дем шығарған кезде, аяғыңызды төмен салып, екіншісін көтеріңіз. Бірсарынды, бірақ қарқынды түрде әр аяқпен шамамен 10 рет қайталаңыз.
● Отырғанда қолыңызды жайып, терең дем алыңыз. Дем шығарған кезде арқаңызды дөңгелетіп, сәл еңкейіңіз де, дене тұрқыңызды құшақтаңыз. 10 шақты қайталауды бірсарынды орындаңыз.
Дереккөздер:
1. Herbalifekazakhstan.com: Ваниль дәмді Формула 1 протеин коктейлі // URL: https://herbalifekazakhstan.com/catalog/proteinovyy-kokteyl-formula-1-so-vkusom-vanili/ (жүгінген күні: 2022.23.08)