Салмақ тастау үшін ұйықтар алдында қандай жаттығуларды жасауға болады?

14.09.2022 563 0
(0 дауыс)

Салмақ тастау үшін ұйықтар алдында қандай жаттығуларды жасауға болады?

Салмақ тастау үшін ұйықтар алдында қандай жаттығуларды жасауға болады?

Физикалық белсенділік таңертең тиімді ме, кешке ме? Нақты жауап жоқ, бірақ сіздің мақсатыңыз тек дене шынықтыру ғана емес, сонымен қатар салмақ тастау болса, кешкі жаттығуларға артықшылық беріледі. Кешке метаболикалық процестер баяулайды, спорт олардың жеделдетілуіне ықпал етеді. Бұлшықеттер мен буындар таңертеңге қарағанда серпімді болады, бұл олардың жұмысқа қабілеттілігін арттырады.

Жаттығу жиынтықтарын таңдаумен қатар, үйлесімді тамақтану туралы да ойлану қажет. Рационыңызға қатысты кеңес алу үшін Herbalife Nutrition-нің Персоналды кеңесшісіне хабарласыңыз.

Кешкі физикалық белсенділіктің ағзаға әсер ету ерекшеліктері

Ғалымдардың айтуынша, түстен кейін дене физикалық белсенділікке барынша дайын болады. Тестостерон гормонының деңгейі кешке көтеріледі, бұл бұлшықет массасының өсуіне және пресстің нығаюына ықпал етеді. Сонымен қатар, зат алмасу артады, сондықтан жаттығудан кейін денебітіміңізге зиян келтірмейтін жеңіл кешкі ас қабылдауға болады. Кешкі жаттығулар кезінде гормоналды фон қалыпқа келеді, психологиялық жағдай жақсарады, бұл терең ұйқыға ықпал етеді. Аптасына кемінде 3 рет жеңіл және орташа жаттығулармен айналысу ұсынылады.

Жаттығуларға арналған ұсыныстар

Жаттығу үшін қай уақытты таңдау керектігін түсіну үшін сіз өзіңіздің жағдайыңызды бақылауыңыз керек. Күштің максималды артуы мен қуаттың толысуын сезінетін сағаттарда айналысу ұсынылады. Биоритмдеріңізге қарай жаттығуды сағат 17:00-де бастап, 21:00 шамасында аяқтасаңыз болады. Дегенмен, жаттығуды ұйқыға жатуға дейін кем дегенде 2 сағат бұрын аяқтау керектігін есте ұстаған жөн . Жаттығулар жиынтықтарын таңдағанда ыңғайлылыққа назар аударыңыз, жаттығуларды күштеп жасамаңыз. Өзіңізге ең қолайлы спорт түрін таңдаңыз. Бұл жүгіру, велосипед айдау, шаңғы тебу, йога, гимнастика болуы мүмкін.

Жаттығуларды орындап болғаннан кейін ауыр тағамдарды жеуге болмайды. Кешкі ас ретінде Құлпынай дәмді Формула 1 протеин коктейлін ішіп көріңіз 1. Оның құрамында жоғары сапалы соя ақуызы, дәрумен-минерал кешені және ас қорыту жүйесінің функцияларын қолдайтын тағамдық талшықтар бар.

Ұйықтар алдындағы жаттығулар

  1. Дененің барлық бөліктерін қыздырып алыңыз. Төрт ақтап тұрыңыз, тізелеріңізді бөксенің астына, алақандарыңызды иықтарыңыздың астына қойыңыз. Дем тартыңыз да, ішіңізді төмен түсіріңіз, содан кейін дем шығарып, арқаңызды күжірейтіңіз.
  2. Шалқаңыздан жатыңыз, қолдар дене тұрқының бойымен. Жамбасыңызды көтеріп, осы қалыпты 10 секунд сақтап тұрыңыз. Жаттығуды 10 рет орындаңыз.
  3. Тіке тұрыңыз, аяқтарыңызды иығыңыздың еніне қойыңыз. Тізеңізді сәл бүгіп, жұдырықтарыңызды түйіңіз. Иықтарыңыз бен жамбасыңызды айналдыра отырып, оң қолыңызбен сол жаққа соққы беріңіз. Жаттығуды әр жақпен 10 рет жасаңыз.
  4. Аяқтарыңызды иығыңыздың еніне қойыңыз, шынтақтарыңызды бүгіңіз. Жамбасыңыз еденге параллель болғанша отырып тұрыңыз. Дене тұрқын солға бұрап, оң аяғыңызды түзетіңіз де, қолыңызды жоғары созыңыз.
  5. Тізелеріңіз тік бұрыш жасау үшін арқаңызбен қабырғаға сүйеніңіз. Осы қалыпта 15 секунд кідіріңіз.
  6. Шалқадан жатып, аяқтарыңызды тізеден бүгіңіз, қолдарыңызды алға созыңыз да, денеңізді көтеріңіз. Осы қалыпта болып, бастапқы күйге оралыңыз. 12 рет қайталаңыз.

Дереккөздер:

1. Herbalifekazakhstan.com: Құлпынай дәмді Формула 1 протеин коктейлі // URL: https://herbalifekazakhstan.com/catalog/proteinovyy-kokteyl-formula-1-klubnika/ (жүгінгені күні: 2022.23.08)

Herbalife
Ракова Ирина Сергеевна
Мақаланы бағалаңыз:
(0 дауыс)


Өтінім қалдыру