мазмұны:
Скандинавиялық серуендеу – көптеген адамдар үшін танымал, ыңғайлы және жеңіл жаттығу әдісі. Оны үйрену оңай, өйткені қозғалыстар шамамен табиғи жүрісті қайталайды. Дегенмен, кез келген физикалық белсенділіктің өзіндік нюанстары бар. Әрі қарай, барлығы туралы ретімен айтайық.
Үйлесімді өмір салты туралы барлық нәрсені Herbalife Nutrition-нің Персоналды кеңесшісінен біле аласыздар. Ол сіздің жеке қажеттіліктеріңізге сәйкес тамақтану тәсімін таңдауға көмектеседі.
Скандинавиялық серуендеудің артықшылықтары
Нордикалық серуендеу басқалармен салыстырғанда жарақат алу қауіпі азырақ физикалық белсенділік түрі болып саналады. Ол бүкіл денеге оң әсерін тигізеді. Жаттығулар таза ауада өтеді, ал бұл жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады және метаболикалық процестерді жеделдетеді. Финдік серуендеу де 90% -на дейін бұлшықеттерді күшейтіп, тырысуын тоқтатады.
Техниканың ерекшеліктері
● Қолдар мен қол бастарының қозғалысы. Жаяу жүргенде қолдағы таяқтың сабы үнемі қозғалыста болуы керек. Алға жылжыған кезде өсті ақырын орап, бағытты саусақтарыңызбен қадағалаңыз. Таяқ артқа жылжығанда, қол басын ашыңыз.
● Аяқтардың қозғалысы. Қадамды өкшеден бастаңыз да, аяқтың ұшын сәл көтерумен аяқтаңыз. Қадам ұзындығы қалыпты жүріске қарағанда үлкенірек болуы керек. Ұзын қадамдармен бірқалыпты және түзу жүріс жамбастың тербелуін қамтамасыз етеді.
● Дене қозғалысы. Иықтар мен жамбастың ырғақты қарсы айналмалы қозғалыстарын орындаңыз. Қолдарыңыз бен аяқтарыңызды үлкен амплитудамен алға және артқа жылжытыңыз. Қолдарыңыз еркін серпілу үшін дене мүшелерін бір жағынан екінші жаққа айналдырыңыз. Жоғарғы жағыңызды қозғалтып, бүкіл денеңізді іске қосыңыз. Дененің жоғарғы бөлігінің техникасы неғұрлым жақсы болса, соғұрлым көп бұлшықеттер жүруге қатысады.
Өз бетінше қалай жаттығуға болады
Ең алдымен, сайманды таңдау керек. Әртүрлі ұзындықтағы бір бөліктен тұратын бүтін таяқшалар мен қалаған биіктікке реттеуге болатын екі бөліктен тұратын таяқшалар болады. Скандинавиялық серуендеуге арналған барлық таяқтар орман жолы немесе қалалық асфальт болсын, кез-келген бетпен жұмсақ жанасуды қамтамасыз ететін резеңке ұштықтармен жабдықталған. Ұзындығы бойыңыздың 70%-н құрайтын таяқтарды таңдау ұсынылады. Жүргенде, таяқ жерге перпендикуляр болуы үшін шынтақ 90 градус бұрышта бүгілуі керек. Егер шынтағыңыз бұрыш астында 90 градустан астам бүгілсе, ұзынырақ таяқ таңдағаныңыз дұрыс.
Жолға шықпас бұрын дайындалыңыз. Жаңбыр немесе қар сізге кедергі келтірмес үшін ауа райы болжамын көріңіз. Ыңғайлы аяқ киім мен спорттық киім киіңіз.
Күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге қарай, уақыт өте келе жаттығулардың жүктемесі мен ұзақтығын арттыруға болады .
Таза ауадағы жаттығулар қосымша қуаттануды қажет етеді. Жоғары сапалы соя ақуызынан тұратын Қауын дәмді Формула 1 протеин коктейлі бұлшықеттер мен энергияны қалпына келтіруге арналған. Сондай-ақ өнімде әдеттен тыс жүктемелер кезінде қосымша қуат беретін 20-дан астам дәрумендер мен минералдар кешені бар 1
Дереккөздер:
- Herbalifekazakhstan.com: Қауын дәмді Формула 1 протеин коктейлі // URL: https://herbalifekazakhstan.com/catalog/proteinovyy-kokteyl-formula-1-so-vkusom-dyni/?sphrase_id=22863 (жүгіну
күні: 2022.18.10).