Салмақ жоғалту кезінде сұлы ботқасын жеудің тиімділігі

19.10.2022 263 0
(0 дауыс)

Салмақ жоғалту кезінде сұлы ботқасын жеудің тиімділігі

Салмақ жоғалту кезінде сұлы ботқасын жеудің тиімділігі

Сұлы ботқасы – әлемдегі ең танымал таңғы ас азықтарының бірі. Сұлы жармасын дайындаудың көптеген түрлері бар. Бірақ сұлы дәндерінің құнды қасиеттерін қайсы түрі ең жақсы сақтайды?

Сұлы қауызын тұтыну үйлісімді тамақтанудың бөлігі ретінде жиі қолданады. Толыққанды рацион жасауға қызығушылық танытсаңыз, сізге Herbalife Nutrition-нің Персоналды кеңесшісі көмектесе алады. Ол нутриенттер ара салмағы оңтайлы тамақтану тәсімдері туралы айтып береді.

Қасиеттері мен адамның иммунитетіне әсері

Сұлы адам ағзасының барлық жүйелеріне жақсы әсер ететін дәрумендер мен жасұныққа бай. Ол стресс гормондарының деңгейін төмендетіп, серотонин деңгейін арттырады. Сонымен қатар, тұтас дәндері қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Зерттеушілер сұлының иммунитетті күшейтіп, респираторлық аурулармен күресуге көмектесетінін атап өтті.

Тез дайындалатын қауызды таңғы асқа қабылдасаңыз, аштық сезімін ұзақ уақыт ұмыттырады. Сонымен қатар, сұлы дәні суды сіңіре алады, бұл оның тойымдылық қасиеттерін одан сайын арттырады. Сондықтан оны салмақ жоғалту кезіндегі тамақтануға кіргізеді.

Қалай пісіру керек және қандай түрінде жеу керек

Сұлы өңдеу әдісіне байланысты әртүрлі пішінде болуы мүмкін. Сұлы жармасы мен тез дайындалатын қауыздағы құнды элементтердің мөлшері салыстырмалы түрде бірдей болғанымен, олардың қандағы қант деңгейіне әсері әртүрлі. Азырақ өңделген дәндердің қорытылуы әдетте ұзаққа созылады, сондықтан тез дайындалатын ботқаға қарағанда гликемиялық индексі төменірек.

Сұлыдан тәтті тағамдар дайындаудың көптеген түрлері бар.

●     Дәстүрлі сұлы ботқасы. Ірі және орташа ұнтақталған қауызды 25-30 минут, ал тез дайындалатын қауызды 1-2 минут пісіресіз. Дайын ботқа жемістермен, жаңғақтармен және дәндермен жақсы үйлеседі.

●     Түнде дайындалатын сұлы қауызы. Шыны құтыға жарты стақан сұлы қауызын салып, жарты стақан сұйықтық, мысалы, сүт құйыңыз. Кез келген туралған жемістің 100 граммын қосып, араластырып, таңертеңге дейін тоңазытқышта қалдырыңыз.

●     Сұлы ризоттосы. Рецепттегі күрішті тұтас сұлы жармасына немесе сұлы қауызына ауыстырыңыз. Сұлыны күнбағыс майына дәмдеуіштермен және пиязбен қуырыңыз, содан кейін 1 кесе сорпа немесе су қосыңыз. Баяу отта, араластыра отырып, дайын болғанша пісіріңіз.

Сұлы қауызына балама ретінде рационға Сұлы-алма сусынын қосуға болады . Ол ас қорыту жүйесінің микрофлорасын және ішек моторикасын сақтауға арналған табиғи тағамдық талшықтар кешенін қамтиды. 1

Дереккөздер:

  1. Herbalifekazakstan.com: Сұлы-алма сусыны // URL: https://herbalifekazakhstan.com/catalog/ovsyano-yablochnyy-napitok/?sphrase_id=22844 (жүгіну күні: 2022.18.10).
Herbalife
Ракова Ирина Сергеевна
Мақаланы бағалаңыз:
(0 дауыс)


Өтінім қалдыру